23.08.2026 17:22
КММ «Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» қызмет алушылар арасында маңызды қоғамдық іс-шара — Құрылтай сайлауы өтті.
Аталған іс-шара қызмет алушылар үшін маңызды оқиға болды. Сайлау барысында олар өз пікірлерін білдіруге, азаматтық белсенділіктерін көрсетуге және орталықтың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік алды.
Іс-шара барысында қатысушыларға сайлауға қатысудың маңыздылығы, ашықтық, жауапкершілік және әр адамның пікірін құрметтеу қағидаттары түсіндірілді. Қызмет алушылар өз таңдауларын еркін білдіріп, Құрылтай өкілдерін сайлауға қатысты.
Сайлау үдерісінің барынша қолжетімді және жайлы өтуіне ерекше көңіл бөлініп, әрбір қатысушының өзін қоғамның маңызды мүшесі ретінде сезінуіне жағдай жасалды.
Сайлау ұйымдасқан түрде, өзара түсіністік пен жағымды ахуал жағдайында өтті. Мұндай іс-шаралар қызмет алушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, өзара құрметті нығайтуға және орталықтың қоғамдық өміріне белсенді араласуына ықпал етеді.
Құрылтай құрамына сайланған өкілдер қызмет алушылардың мүдделерін лайықты білдіріп, орталықтың қоғамдық өміріне белсенді қатысып, жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыруға өз үлестерін қосады деп сенеміз.



