16/05/2024  Бейсенбі
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай БСО «Балдауреннен» балалар концерттік бағдарламамен келді.

«Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді» - деген сөздерден жүргізушілер концерттік бағдарламаны бастады.

Мерекелік бағдарламаны «Адай» күйімен домбырада ойнаған Қаратай Әлімхан ашты.

Қызмет алушыларға Карибаева Дарияның орындауындағы қазақтың ұлттық биі ұнады.

Дәулетбаева Гүлмира Төлегенқызы балалардың атынан көрермендерге жылы лебізін білдіріп, үстел ойындары түрінде сыйлықтар жасады.

Өз кезегінде қызмет алушылардың атынан Г.Н.Кожевина тамаша концертке алғысын білдірді және балаларға тәттілер сыйлады.

Концерттік бағдарламаның қызмет алушылар мен балалар естелікке суретке түсті.