29/04/2024  Дүйсенбі
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Интернат-үйдің құрылу тарихы өткен ғасырдың 90-шы жылдарына келіп тоғысады.

1993 жылы Щучинск қалалық әкімшілігінің басшысы Г. А. Федоровқа интернат үйін құру жөнінде ұсыныс келіп түсті. 1993 жылдың 26 сәуірінде Көкшетау облысы әкімшілігінің басшысы Қ. Искалиевтің шешімімен қарттар үйін құру туралы құжатқа қол қойылды.

Оны Амбарцумян Навасард Александрович басшылығымен олимпиадалық резерв спорт мектебінің негізінде құрды. Негізгі міндет - отбасысыз қалған зейнеткерлерге көмек қолын созу болды.

Ғимараттарды тұруға бейімдеп, бір корпусқа үйсіз қалған қарттарды жинап, тұруға қолайлы жағдай жасалды. Интернаттың алғашқы тұрғындары - 18 адам болды. Олардың бірі бүгінгі күні Курячев Александр Федорович "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының" алғашқы тұрғындарының бірі.

1993-1998 жылдар ең қиын болды, олар жаңа қызметке жаңа қиындықтар әкелеген әлеуметтік қызметтердің негіздері туралы жаңа және алғашқы заңның қабылдануымен тұспа-тұс келді.

Осы уақыт ішінде қызмет алушылардың саны артты, жаңа құрылымдық бөлімшелер пайда болды. Қиын қаржылық жағдайға қарамастан, жыл сайын жұмыстың инновациялық түрлерін енгізуге мүмкіндік туды.

Бүгінгі таңда «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» 103 қызмет алушыларды қабылдауға арналған.

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының" нысандары

1963 жыл - №1 жатын корпус.

Первый корпус

№2 жатын корпус.

№1 Гараж.

1966 жыл - асхана.

Гараж № 2.

http://shuchinskoemsu.my1.ru/Photo/car.jpg

Ет-сүт және өндірістік қоймалар

1985 жыл - монша-кір жуу кешені.

Кір жуатын орын.

Монша

Қазандық.

Сұйық отынмен жұмыс істейтін Оңтүстік Кореялық NAVEN2035 RPD қазандықтары

2000 жыл – көкөніс қоймасы.

Шіркеу.

2013 ж. - өткізу пункті.

Жер көлемі - 1,8690 га.

Сумен жабдықтау - орталықта.

Электрмен жабдықтау - қолданыстағы мемлекеттік желіден.

Орташа айлық тұтыну 2098 кВт құрайды.