16/05/2024  Бейсенбі
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Туған жер» бағдарламасы аясында 2019 жылдың 16,17 мамырында «Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметкерлері қызмет алушылармен бірге 7 сортты алманың 20 көшетін отырғызды, сонымен қатар қарақат, ирга, қара жеміс, мойыл сияқты жидекті бұталар отырғызылды. КММ аумағы қайың және жұпаргүлмен абаттандырылды.

Әрбір отырғызылған көшеттер мұқият күтім мен қамқорлықты талап етеді. Қызметкерлер қызмет алушылармен бірге көшеттерді алғашқы жемісін бере бастағанға дейін күтетін болады.

Қызмет алушылардың бірі Г.Н.Кожевина: «Менің арманым алма бағын отырғызу және өсіру болатын, бүгін мен бақыттымын, себебі біз 20 алма ағаштарын отырғыздық. Демек, бізде алма бағы болады. Одан басқа жеміс ағаштары да отырғызылды. Бізде жылыжай мен бақша бар. Бұның бәрі біз өз үйіміздегідей жайлы тұратынымызды білдіреді. Мемлекетімізге бізде баспана болғаны үшін алғысымызды айтамыз. Мекеме қызметкерлеріне бізбен жұмыс атқарғаны үшін рахмет. Құдай бізге ұзақ жылдарға денсаулық бер!».