16/05/2024  Бейсенбі
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

12.04.2019 жылы КММ қызметкерлері қызмет алушылармен бірлесіп сенбілікке қатысты. Қарт адамдар аумақты абаттандыруға қуана қатысты,олар шетте қалмай, қызметкерлерге өз көмектерін барынша көрсетті.

Еңбек нұсқаушысы Д.В.Далаеваның басшылығымен қызмет алушылар Кожевина Г.Н. және Кротких А.Ф. аумақты өткен жылғы жапырақтардан тазартты.

Физиокабинет медбикесі Клименко Н.А. қызмет алушы Т.И.Белокриницкаямен корпус алдында өсіп келе жатқан бұталарды қоқыстан тазартты.

Сенбілікке қатысушылар тырмамен қаруланып, бірнеше сағат ішінде интернат аумағын тұрмыстық қалдықтардан, құрғақ шөптерден және жапырақтардан тазартты.

Таза ауа және физикалық жұмыс – денсаулық үшін тағы не жақсы болуы мүмкін? Жұмыс істеп, енді демалуға болады.