«Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ қарттар мен мүгедектер үшін мекеменің қолжетімділігін және әлеуметтік қызмет алушылар үшін оларға ұсынылатын қызметтерді қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.
«Қолжетімді орта» бағдарламасын іске асыру шеңберінде мекемеде күту және оңалту құралдары сатып алынады, сондай-ақ қарт адамдар мен мүгедектердің өмір сүруінің қолжетімді ортасын қалыптастыру, әлеуметтік қызметтерді ұсыну жағдайларының жайлылығын және оларды алуға қолжетімділікті арттыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі: орталықтың үй-жайлары мен аумағын күту құралдарымен жарақтандыру және абаттандыру бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі.
Қолжетімділіктің тактильді-визуалды белгілері, тактильді-ақпараттық стендтер, дәліздердің барлық периметрі бойынша тұтқалар, еденде визуалды белгілер орналастырылған; ғимаратқа кедергісіз кіру және одан шығу үшін жағдайлар жасалған (кіреберіс алаңына көтерілу пандустармен жабдықталған).
Мүгедектерді тасымалдау үшін орталықта мамандандырылған мүгедектер арбасын пультпен көтеруге арналған және электргидрокөтергішпен, қосымша қауіпсіздік белдіктерімен, шынтақшалармен және тұтқалармен жабдықталған автомобиль бар.
Мекемеде мүгедектерге көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және қажетті көмек көрсету мәселелері бойынша қызметкерлерге нұсқаулар беру және оқыту үнемі жүргізеді!