Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан халықтарының бірлігі күні – ең жарқын және жайдарлы мерекелердің бірі. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Сол сияқты біздің «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» 1 мамырға арналған мерекелік кеш өтті.

Мерекеге жергілікті әнші Надежда Вергизова шақырылды. Ол біздің «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» құрметті қонағы болып шақырылды және мерекеге ол жаңа репертуарымен келді. Іс-шара өте көңілді өтті, қызмет алушылар Вергизова Надежданың әндеріне биледі.

Қызмет алушылар атынан Т.М.Жакупова мен КБК төрағасы Г.Н.Кожевина алғыс білдірді және Н.Вергизоваға өз қолдарымен жасалған сыйлық сыйлады.

Іс-шара соңында естелік суретке түсті.