2019 жылдың 27 сәуірінде Бурабай ауданында Қазақстан халықтарының бірлігі күні мен жастар жылына арналған велошеру өтті. «Веломаусым – 2019» ашылуына «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» қызметкерлері қатысты.
Бұл күні ауа райы жаңбырлы болса да, велошеруге қатысушылар күш-қуатпен және жақсы көңіл-күймен қуаттанды.
Велошеруге қатысушылардың жолы 28 км, BurabayLAND-тен «Ракушкаға» дейінгі аралықта болды. Велошеру Ақмола облысының туризм басқармасымен ұйымдастырылды.
Велошерудің соңында концерттік бағдарлама ұсынылды.