08.05.2019 жылы «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» Жеңіс мерекесінің 74 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шара өтті. Концерттік бағдарламаны Ш.Уәлиханов атындағы Кадет Корпусының үрмелі оркестрі ашты.
Тарихи кеш үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Биыл Ұлы Жеңістің 74 жылдығы.
«Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» өмір сүріп жатқан қарттарымыз бен ардагеріміз болашақ жастарды еліміздегі бейбіт аспан мен тыныштықтың қадірін білуге шақырады. Бүгінгі ұрпақтың ең құнды байлығы – бейбітшілік.
№6 орта мектептің оқушылары қызмет алушылармен бірге «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» аумағында орналасқан Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
99 жастағы соғыс ардагері Савинский Франц Григорьевич егде жасына қарамастан, рухын жоғалтпады және жас ұрпаққа өз батасын берді.
Қызметкерлер қызмет алушылармен бірге музыкалық жетекші Дериглер Бронислав Викентьевичтің басшылығымен соғыс жылдарындағы әндерді орындады.
Мерекелік бағдарламаны қызмет алушы Жакупова Торган Мухамбетовна «Алеша» әнімен жалғастырды.
Салтанатты іс-шара соңында барлық қатысушылар естелік суретке түсті.