Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

16 мамыр 2019 жылы кезекті «Жан сұлулығы» поэтикалық байқауы өтті. Ол әскери тақырыпқа арналды. Байқауға 8 адам қатысты.

Қазылар алқасының құрамына орталық аудандық кітапханадан Кенжегүл Қажымұратқызы қонаққа шақырылды.

Қызмет алушы Эккерман С.А. Андрей Дементьевтің соғыс тақырыбындағы «Ана туралы баллада» өлеңін мәнерлеп оқыды.

Іс-шараны өткізу үшін кітапханашы А.С.Оразалина «Соғыс туралы бүкіл шындық» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде ұлы классиктердің кітаптары, туған өлке ақындарының соғысқа арналған шығармалары жиналды.

Соғыстың алғашқы күнінен бастап, халықтың Отан алдындағы борышын еске салуда поэзия ұшқырлық танытты. Бұл үгіттік өлеңдер ел басына түскен ауыр күнді ескертіп, жауды талқандауға шақырған.

Қызмет алушы Кожевина Г.Н. соғыс тақырыбында өзі шығарған өлеңдерін оқыды.

Өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша Г.Н.Кожевина мен Т.М.Жакупованың ұпайлары теңесті. Байқаудың жалғасы бойынша І орынды Кожевина Галина Никитична иеленді.