Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2019 жылдың 04 маусымында қызмет алушылар Бурабай ұлттық паркінің аумағында орналасқан табиғат мұражайы мен хайуанаттар бағына барды. Мүгедектер, қызмет алушылар мекеме қызметкерлерімен бірге барлығы 20 адам.

Мұражай аумағында хайуанаттар бағы ұйымдастырылған, онда 30-ға жуық жануарлар мен құстар бар.

Қызмет алушыларға қабан, бұғы, елік, аюлар мен түлкілерді қарау қызықты болды. Аққу көлі мен павлинды көргенде қызмет алушылар ерекше қуанышқа бөленді.

Қызмет алушылар хайуанаттар паркінің аумағында орналасқан мұражайға барды. Онда жабайы жануарлар мен құстардың макеттері, осы жерде өсетін саңырауқұлақтар, минералдар мен өсімдіктер коллекциялары орналасқан. Аталар мен әжелер мұражайда Бурабайдың табиғаты жайлы мағлұматтарды тереңірек білді.

Хайуанаттар паркінің аумағында серуендеп, қарттарымыз балмұздақ пен пісірілген жүгері жеу үшін ағаштардың маңындағы орындықтарға отырды.

Сапар туралы өз пікірін қызмет алушы Эккерман Светлана Александровна жазды.

«Біз қамқорлықтағылар: құрамында 15 адам Бурабайға бірнеше сағатқа демалуға аттандық. Бурабайдың табиғаты өте керемет. Көптеген аңдарды көрдік. Мысалы: яки-үлкен эксклюзивті, сирек. Қасқыр жалғыз, ешкі. Екі аю, бұғы, үйрек және үлкен күркетауық.

Қалаған балмұздағымызды жедік. Содан кейін мұражай үйіне бардық. Мұражай жайлы біраз қызықты мәліметтер тыңдадық».