2006 жылдан бастап, жыл сайын 6 шілде күні Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана күні атап өтіледі. Сондай-ақ 6 шілде - бұл республиканың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.
Астана күні – мемлекеттің ресми мерекесі. Біздің мекемеде де жыл сайын бұл мереке атап өтіледі. Қызмет алушыларға концерттік бағдарлама ұсынылды.
Біздің қонағымыз жергілікті әнші – Надежда Вергизова болды. Оның орындауында "Цветет сирень", "Купола", "Журавли", "Родимый дом" және т.б. әндер шырқалды.
Маер Л.Б. әншіге қызмет алушылардың атынан алғыс айтып, гүл шоғын сыйға тартты.
Мерекелік бағдарлама бір - біріне денсаулық пен жақсы ізгі тілектер айтумен аяқталды.