Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Биыл Қазақстан халқы Конституцияның 24 жылдығын атап өтуде. Бүгінгі таңда қазақстандықтар саяси және экономикалық тұрақтылықты, азаматтық пен бейбітшілікті, ұлттық бірлік пен келісімге Конституция негізінде қол жеткізді деп толық сеніммен айта алады. Конституция күні қарсаңында біздің «Арнайы қызмет көрсету орталығында» мерекелік концерт өтті.

Музыкалық жетекші Б.В.Дериглердің жетекшілігімен қызмет алушылар хоры Қазақстан туралы, Бурабай туралы, «Мен қазақпын» және т. б. әндердә орындады.

Мекеме қызметкерлері «Алға Қазақстан» флешмобын орындады.

Қызмет алушы В.Г.Князевтың орындауында «Достық» әні орындалды. Мекеме қызметкері Галина Ермоленко «Туған жер» атты өлеңді мәнерлеп оқыды.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Бынзер Наталья Николаевна осы жылы бірінші сыныпқа баратын қызметкерлердің балаларын құттықтап, естелік сыйлықтарын табыс етті.

Мекеме директоры Р.Р.Каримов қызмет алушылар мен қызметкерлерді Конституция күнімен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

Іс-шара көңілді би кешімен аяқталды.