2019 жылдың 22 тамызында біздің «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» қызмет алушылар арасында XVІ облыстық жазғы спартакиада өтті.
Спортшылар алаңға ду қол шапалақпен кірді және сапқа тұрғызылды.
Жарыс 5 команда арасында өтті:
1. Бұланды ауданы, Макинск қаласының АӘҚКО
2. Біржан Сал ауданы, «Мейірім»АӘҚКО
3. Шортанды ауданы, Дамса ауылының АӘҚКО
4. Целиноград ауданы, Малотимофеевка ауылының АӘҚКО
5. Бурабай ауданы, Щучинск қаласының АӘҚКО
Командаларды сапқа тұрғызғаннан кейін Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусы оркестрінің орындауында Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды.
Жыл сайынғы ХVІ-шы облыстық жазғы спартакиаданың ашылуына орай «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» арасында олимпиада алауын жағу және енгізу құрметі жас спортшы С. С. Арестовке берілді.
«Алға Қазақстан» әніне мекеме қызметкерлері жарқын флешмоб орындады.
Жарыс спорттың 7 түрі бойынша өтті:
1. Дартс
2. Кегли
3. Шахмат
4. Дойбы
5. Тоғыз құмалак
6. Доптың сақинаға түсуі
7. Спорттық жүріс
Жарыс заңы ежелден жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты - еңбектену, жалықпау.
Біреуі озса сайыста, біреуі артта қалады,
Жеңілгендер ренжімей тараса бізге жарады.
Қызмет алушылар жастарының ұлғайғанына қарамастан, жарысқа белсене қатысып, жеңіс үшін күресті.
Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар берілді. Жарысқа қатысушылар қол жеткізген нәтижелеріне өте риза болды.
Шахмат және спорттық жүріс бойынша бірінші орынға Петреев Олег Николаевич ие болды
Недворягина Жанна Викторовна көзінің көрмегендігіне қарамастан спартакиадаға белсенді қатысты, жүлделі орын алмағанымен күш пен ынтаға толы болды.
Кегли бойынша қызу жарыста жүлделі орынға Заславская Жавида Гатауловна ие болды. Сондай-ақ кегль бойынша басқа да қатысушылар, атап айтсақ, А.Я.Стратулат, С.В.Амеличев, Л.П.Хуснутдинова жақсы нәтижелер көрсетті.
А.Г.Окольздаева 85 жасына қарамастан дойбыдан бірінші орынға ие болды.
Қызмет алушылар арасындағы спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша:
Бірінші командалық орынға Біржан Сал ауданы, «Мейірім»;АӘҚКО ие болды;
Екінші командалық орынға Бурабай ауданы, Щучинск қаласы АӘҚКО ие болды;
Үшінші командалық орынға Шортанды ауданы, Дамса ауылы АӘҚКО ие боды.