Біздің мекемеде үлкен мереке – үйлену тойы! 20.11.2019ж. бірін бірі қалаған екі жүректің - Кожевина Галина Никитична мен Маер Леонид Богдановичтің неке қию рәсімі өтті.
Махабатта – адам баласының жан дүниесіндегі ең ұлы сезім. Оны суреттеу де сөзбен жеткізу де мүмкін емес. Махаббаттың жолында "мен өлмеймін" дейтіндер құрбан болып, "мен сүймеймін" дейтіндер сүйіп кеткен. Өйткені ол табиғаттың заңдылығы. Ал табиғатқа қарсы жүру үлкен қатер.
Ақыл тоқтатып даналықың дара шағына жеткен тұста жан жары болмаса да үміт пен сенуді тоқтатпаған және жүрегі жас болып бақытты өмір сүруді жалғастыратын адамдар қандай керемет.
Айта кету керек, біздің жаңадан үйленген зейнеткерлеріміз әлі де жігерлі, әлі де өмір сүруге құлшыныстары мол!
Біздің қызмет алушыларымыз өздерін тағы да жас сезінді!
Бұл өте ерекше рәсім болды, бірақ сонымен бірге өте әсерлі болды. Ол біздің жас ұрпағымызға өткенімізді ұмытпауымыз керектігін, жүрегімізге қымбат сәттерді және қайталанбас оқиғаларды ұмытпау керектігін тағы да ескертті және бізге қай жасқа келсекте өмір мен махаббатты бағалау керектіген еске салды.