Біздің елдің халқы асқан өнерпаздықпен және таланттылықпен танымал, біздің мекемеде көптеген өнерлі таңғажайып тұлғалар бар.
Өзін және өз талантын көрсету мүмкіндігі - әрбір адамға өзін табысты, ерекше, мойындалған сезіну үшін қажет, сондықтан біздің директор - Р. Р. Каримов "Даңқ минуты" конкурсын өткізу дәстүрін енгізуді шешті.
Ұзақ уақыт бойы қатысушылар асқан еңбекорлықпен бар ынта-жігерлерін сала отырып бұл сайысқа дайындалды.
Барлық қатысушылар өз қабілеттерін, бойындағы өнерлерін көрсетіп, көрермендерді шын мәнінде таң қалдыруды мақсат етті!
13 қараша 2019 жыл көптен күткен күн келді. Безендендірілген Зал, жайылған үстел, шәй мен бауырсақтың жұпар иісі мереке басталғандығыннан хабар берді.
Қазылар алқасының құрамына біздің мекеменің қызметкерлері кірді: әлеуметтік қызметкер – Н. Н. Комарова, кадр бөлімінің инспекторы – З. С. Бримжанова және кітапханашы - А. С. Оразалина.
Байқауға қызмет алушылар да, мекеме қызметкерлері де белсене қатысты. Әр түрлі жанрлар мен бағыттарда жеке және топтық қойылымдар болды.
Конкурс 14 нөмір ұсынылған бір кезеңде өткізілді, қорытынды бөлімде жеңімпаздар анықталып марапаттау рәсімі болды.
Қатысушылар қазылар алқасы мүшелері мен көрермендерді өздерінің өзіндік ерекшелігімен, вокалдық қабілеттерімен, икемділігімен, әртістігімен, ең жақсы нәтижелерге ұмтылыстарымен таң қалдырды.
Финалда барлық қатысушылар сахнаға шығып көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, әр қатысушы өзін үлкен эстраданың нағыз жұлдызы ретінде сезінді!
Алғашқы болып әлеуметтік қызметкер - Наталья Данилова «Лигурия» жаңылтпашын айтып «Бірегей номер» номинациясы бойынша марапатталды. Бұл қайталанбас ерекше көрініске таңқалмаған жан болмады.
Екінші номинация бойынша Г.В. Ермоленко Елена Ваенга репертуарындағы «Снова курю одна» әнін экстравагантты орындағаны үшін марапатталды. Галина өте көркем өнер көрсетті және көрермендердң көңілін бір көтеріп тастады!
Жақыпова Т.М. әнді табиғатына кіріп шынайы орындап шыққаны үшін марапаттау дипломымен марапатталды.
Серкібаев Т.Д. «Біз аналарды таңдамаймыз» әдемі өлеңін мәнерлеп оқу үшін «әсерлі қойылым» номинациясын жеңіп алды.
"Кәсіби өнер" номинациямен қызмет алушы В. Г. Князев марапатталды. "Өнерпаздық" - Владимир Григорьевичтің нағыз болмысы екеніне әр көрерменнің көзі жетті!
Мекеме қызметкері П.М.Казакованың орындаған «Любимый человек» әні «Лирикалық қойылым» номинациясына лайық деп танылды.
Қызмет алушы-И. Д. Меңдібаев "патриоттық орындау" номинациясы бойынша, отан туралы әнмен марапатталды.
Белсенді қатысқаны үшін «Мы перезимуем!» әнін сәтті орындап шыққаны үшін қызметкер – Приходько Алексей дипломмен марапатталды.". Барлық ұжыммен Алексейді дебютпен құттықтаймыз!
«Красотка и капитан» әнін өте нәзік және сезімтал орындап шыққандыққаны үшін А.А. Ткаченко «Әсерлі қойылым» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.
Біздің мекеме қызметкерлері Казанцева Ирина мен Серкебаева Тоғжан тамаша орыс биімен көрермендердің көңілін көтерді.
Қызмет алушы Заславская Ж.Г. өте батыл және таңқаларлық композиция таңдағаны үшін дипломмен марапатталды!
Әртістік және әзілге толы " үшін "Әжелер" би тобы дипломмен марапатталды, оның құрамына Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері: Казакова Полина, Шерер Ирина, Жмуро Аида, Серкебаева Тоғжан кірді.
Бұл байқауда директор Каримов Ринат Радифович ің өзі де өнері көрсету арқылы сахнаға және шығармашылыққа деген құрметін көрсетті.
Байқаудың директоры мен ұйымдастырушыларына қызмет алушылар барлық қажетті аппаратурамен жабдықталған жайлы залда мереке ұйымдастыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.
Ең бастысы-қатысушылар да, көрермендер де жақсы көңіл-күй мен жағымды әсер алды!