Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2012 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні кең көлемде аталып өтіледі. Күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші Қазақстандық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетті.

29 қарашада біздің мекемеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған концерттік бағдарлама өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты – мекеме қызметкерлері мен қызмет алушыларды Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірімен таныстыру.

Ұлттық мерекенің құрметіне мекеме қызметкерлері қызмет алушылармен бірлесе отырып, мақтаныш сезімімен патриоттық әндер шырқады:

- надежда мой компас

- Мы молодые

- Я казах

- Забота у нас такая

Мендыбаев Иманқұл Досмаилович көрермендерді "Сыр сұлу" әнімен қуантты.

Іс-шараны Оспанова Сауле Жетпісбайқызы мен Кенжебекова Таттигуль Александровна "Елбасы" әнімен нұрландырып жіберді .

Жакупова Торган Мухамбетовнаның орындауында "Президент" әні әр көрерменді тебірентсе, күміс көмей Яковлева Людмила Георгиевна "Сильные люди" әнін керемет шырқады.

Әр нөмірден соң көрермендер қатысушыларға үлкен қошеметпен қол соқты!