Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

10 желтоқсанда біздің "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне № 2 орта мектебінің оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламаларымен келді. Кішкентай өнерпаздарды барлығы жылы қарсы алды. Қызмет алушылар мен КММ қызметкерлері олардың келуін тағатсыздана күтті. Балалар қызмет алушыларды концерттік бағдарламамен қуантты: ән шырқады, би биледі, әр нөмір үлкен қошеметке ие болды.

Балалардың орындаулары Қарт адамдардың көңілінен шықты: әндер, билер, өлеңдер ешкімді бей-жай қалдырмады – көрермендер қуана ән айтып, қол шапалақтады.

1 "Г" сынып оқушылары «Моя Земля» әнмен

Оқушылар ұлттық украин биін билейі

3 "Б" сынып оқушысы Хайролова Алсу әнімен

3 "Б" сынып оқушысы Хайролова Алсу «Песня детей Казахстана» әнімен

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және мұғалімдер қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, мектеп пен мектеп директорының атынан қызмет алушыларға тәтті сыйлықтарын ұсынды.

Қарттардың қуанышты жүздері және болашақта балаларға тағы келуін өтінулері іс-шараға қатысушылар үшін ең жоғары марапат болды.

Мұндай кездесулер әр түрлі ұрпаққа бірігуге көмектеседі: аталар мен әжелер осы балалардың немерелері мен шөберелерін көреді, ал балалар оларға өздерінің жылулығы мен жан тазалығын сыйлайды.

Бұл қарым-қатынас қажет: ол қарт адамдарға өзін қажет және жалғыз емес сезінуге көмектеседі. Біз әжелер мен аталарды мерекеде ғана емес жай күндер де де еске алып тұсақ нұр үстіне нұр болар еді. «Ұзақ өмір сүр, қымбаттым! Көздеріңіз қуанышқа бөленсін, көздеріңізден жас шықпасын!»