Масленица - славяндар атап өткен мереке. Мерекенің "Масленица" аталу себебі, бір апта бойы өте көп майлы тағамдар желінеді, әсіресе, майға пісірілген жұқа дөңгелек құймақтар (блины) мол болады. "Неліктен құймақ құйған", - деген сұраққа, мынандай болжамдар мен ырымдар бар екен. Біріншіден, оның дөңгелек формасына қарап көктегі күнге теңеген, сол жанұяға жылу әкеледі, жарық әкеледі деген.
Екіншіден, ол ұннан жасалғандықтан көктемгі жаңа егістен мол астық алу үшін әр үйде оны мол істеуге тырысқан. "Масленица" барлық мерекелердің ішіндегі ең думанды да қызықты мерекелердің бірі. Мереке барысында адамдар бір-бірінің үйіне барып құттықтасып, дәм татысыпты. Міне, 28 ақпан күні қызметкерлер мен қызмет алушылар біздің мекеме аумағында ұйымдастырылған Масленицаны шығарып салуға қатысты. Апта бойы қызметкерлер мен қызмет алушылар осы оқиғаға дайындалып, оны тағатсыздана күтті.
Мерекеде біз Қысты көріп, Көктемді кездестірдік. Бұл күн ашық шуақты күнде, әрине, көктем мен қыс жеңді. Барлығы оны қуанышпен өткізіп, келесі жылға дейін қоштасады.
Мерекеге сәйкес, барлық қатысушылар көңіл көтерді: орыс халық әндерін шырқады, өз фирмалық частушкаларын біздің әдемі және жігерлі әжелеріміз: Ткаченко А. А., Федорова Р. Ф., скоморохтар тақпақтарды орындады.
Содан кейін барлығы Масленицаның қарақшасының қалай жанып жатқанын көрді.
Қорытындылай келе, барлығы ыстық шәймен, дәмді құймақ пен тәттілерді жеді.