Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Көктемнің жылы күнінде, 2020 жылдың 11 наурызында, біздің мекемеде Бурабай ауданының имамы жетекшілік ететін Щучинск және Көкшетау қалаларынан келген мешіт өкілдері ұйымдастырған қызмет алушыларымыз үшін керемет мереке өтті.

Мейірімділік барлық адамдарға ортақ, бірақ қазақ халқының мейірімділігі ерекше және әсем, сондықтан керемет концертпен қатар мешіттің делегациясы, мерекеге қатысқан барлық адамдар сыйлықтар алып келіпті: әйелдерге - гүлдер, ер адамдарға - беторамал. Қызмет алушылардың барлығына шоколад таратылды. Көктем бізге жылуды ғана емес, сондай мейірімді, қайырымды және жомарт адамдармен кездесулерді сыйлады!

Осы іс-шараның соңында әндер, құттықтаулар, сыйлықтармен қатар, мерекелік концерт ұйымдастырылды және қызмет алушыларымыз үшін дастархан жайылды.

Қайырымдылық-бұл адамдық қасиеттерді көрсету мүмкіндігі: мейірімділік, жақындарға қамқорлық жасау, адамдарға жақсылық жасау, көмектесу. Бұл қасиеттердің барлығы біздің орталыққа келген әрбір адамға концертпен немесе қандай да бір көмекпен тән.

Бізге маңызды игі іс сыйлағандарыңыз үшін Сіздерге рақмет. Сіздерге үлкен рақмет, мейірімді адамдар!