Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазанның бірінші күні бізді жылы ауа-райымен және мерекелік мәнімен қуантты.
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазақстанда да жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі.
Осы іс-шараның құрметіне біздің мекеме қызметкерлері қызмет алушылар үшін күздің көптен күткен мерекесіне айналған мерекелік іс-шара дайындады.
Біздің қызмет алушылар концерттік бағдарламаға белсене қатысты, көптеген әзіл-сықақ, лирикалық әндер шырқалды, сондай-ақ би нөмірлері де болды.
Аға буынымызға бейбітшілік, амандық және зор денсаулық тілейміз.
Ұзақ жылдар өмір сүріп, бізді қуантыңыз, барлықтарыңызға рахмет!

13 10 20 9   13 10 20 10