Астана күні - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі. Ол 6 шілдеде аталып өтеді.
Біздің Республикамыздың астанасы - тәуелсіздік жылдарындағы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін бейнелейді, елдің күшейіп келе жатқан қуатын және оны одан әрі дамытудың жоғары әлеуетін көрсетеді.
Біздің Орталықта Қазақстан Республикасының астанасы күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы арналған іс-шара өтті.
Бүгінгі «Ұлы Дала Елордасы!» іс-шарасы, қызмет алушыларды елорданың тарихы мен көрнекті жерлерімен таныстырды.
Мерекелік іс-шара қызмет алушылардың әнұран орындауымен ашылды.
Содан кейін Орталық директоры Р.Р.Каримов құттықтау сөз сөйледі.
Мерекелік концерт барысында біздің елордамыз туралы деректі фильм көрсетілді.
Іс-шара естелікке арналған ортақ фотосуретпен аяқталды.