29/04/2024  Дүйсенбі
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

14.04.23 2

15 сәуірде елімізде ғашықтар күні тойланады. Бұл ресми мереке болмағанымен, жастар арасында кейінгі жылдары кең танылған. Мереке қазақ лиро-эпостық жырының кейіпкері Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың құрметіне арналған.

"Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" мерекесіне орай бүгін шағын кешіміз өткізілді.  Тақырыпқа сай әндер айтылып, фильм көрсетіліп, аңыздың шығу тарихы баяндалды.

"Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" дастаны қазақ халқының ең көне, ел арасында көп тараған жырдың бірі саналады. "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" жыры тек қазақ арасында ғана емес, Совет одағының көптеген халқында да мол тараған. Жырдың бір нұсқасында Қарабай мен Сарыбай аңға шығады. Екеуі құда боламыз деп келіседі.

Кейіннен Қозы жетім қалып, жалқы өсіп, кейін ғана Баян атты қалыңдығының бар екенін біледі. Оны іздеп шыққан сапарында көп қиындықты жеңіп, ақыры қайын жұртына барады. Қозы Сарыбайдың еліне келген соң біраз уақыт тазша болып жүреді. Баянмен кездесіп, оған оңашада өзінің кім екенін білдіреді. Екеуі көңіл қосып табысады. Бірақ олардың сырын Қодар біліп қойып, қайтсе де Қозыдан құтылудың жолын іздейді.

Арықы қапылыста оны оққа ұшырады. Қозы Көрпештің кегін қуған Баян сұлу Қодарды айламен өлтіреді, ғашық жарының моласына келіп өзін-өзі қанжармен жарып өледі. Кейіннен қос ғашықтық махаббатына дәлел ретінде күмбез қойылған.

"Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" дастаны қазақ халқының ең көне, ел арасында көп тараған жырдың бірі саналады. "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" жыры тек қазақ арасында ғана емес, Совет одағының көптеген халқында да мол тараған.

14.04.23 2 14.04.23 2 14.04.23 2 14.04.23 2