Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1-наурыз біздің МӘМ-де достығымызды, татулығымызды және бірлігімізді нығайта түсетін, жүректерге жылулық, мейірбандылық сыйлайтын “Алғыс айту” күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Жүргізуші Оспанова Сауле Жетпісбаевна іс – шараны құттықтау сөзімен бастады:

Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!

Бірінші және екінші қабаттағы залдарда қызмет алушылар мерекелік іс-шараны көруге жиналды.

Қызмет алушылар қызмет көрсетуші персоналмен бірлесіп музыкалық жетекші Б.В.Дериглердің қолдауымен «Если можешь помочь», «Здраствуй мир!», «Бақыт» және т.б. әндерді орындады.

Сондай-ақ, Оспанова С.Ж. және Кенжебекова Т.А. қызмет алушыларға «Песня о доброте» әнін тарту етті.