МӘМ-де қыстың ызғары қайтып, көктем лебі сезілгенде «масленица» мерекесін атап өтеді. Бұл дәстүр қысты шығарып салумен қатар, көктемнен жақсылық күтуді білдіреді. Масленица жарқын қуанышты мереке -құймақтармен, серуендермен және көңіл-күймен байланысты.
Масленица бұл көнеден келе жатқан дәстүрлі мереке. Бұл мереке кезінде адамдар өзара қауышады, ойын ойнайды, қызықты тақпақтар айтады.
Мейрам кезінде міндетті түрде құймақ пісіріледі.Құймақ – шеңбертәрізді, яғни күн пішінін бейнелейді. Ал, күн көктем мен жылылықтың символы, мерекенің бұлжымас белгісі.
Масленица тек дәм ғана емес, сонымен қатар жаппай серуен: би, ән айту.
Мерекелік шараның барысында мекеме қызметкерлері қызмет алушылардың көңіл-күйлерін көтеріп ән айтты.
Бірақ Масленицадағы негізгі дәстүр сабан қуыршағын жағу. Бұл шаршатқан қыс мезгілін шығарып салуды білдіреді. Адамдар көптен күткен көктемді қарсы алады. Мерекелік шараның соңында сабан қуыршағын жағу рәсімін көпшілік қызыға тамашалады.