8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Щучинск қаласының арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» мерекелік концерт өтті. Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні МӘМ-нің әйелдер қауымы ерекше құрметке бөленді.
Құттықтау сөзімен МӘМ-нің директоры Каримов Ринат Радифович нәзік жанды әйелдер қауымына ізгі тілегін жолдады. Өз сөзінде әріптес әйелдерді, мерекеге келген аналар мен қызмет алушыларды 8 наурызбен құттықтап, мықты денсаулық, ашық аспан тіледі.
Оспанова Сауле Жетписбаевна мен Кенжебекова Тәттігүлдің орындауында «Байлығың – берекең» әні шырқалды. Кеш өте қызықты да тартымды өтті.
Ер-азаматтардың қатысуымен өткен мерекелік кеш нәзік жанды әйел қауымын үлкен қуанышқа бөледі. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды.
Сондай-ақ, Бынзер Наталья Николаевна өзінің «Сердце земли моей» әсем әнін көрермендерге тарту етті. Концерттік бағдарламада әртүрлі ойындар өткізілді. Көрермендер мерекелік кештің жүру барысын ризашылықпен, жақсы көңіл-күймен бақылады.
Әйел - отбасындағы бақыт пен берекенің ұйытқысы. Ал 8-наурыз күні барша ер-азамат әйел қауымының еңбегін бір сәтке де болса бағалап, олардың атқарып жатқан іс-әрекеттерін мойындайтыны анық. Мерекелік кеште залда отырған барлық нәзік жандыларға гүл шоқтары тарту етілді.