Ағымдық жылдың 20-шы наурызы МӘМ-нің тұрғындары Наурыз мейрамын көңілді және жарқын сайранмен өткізді. Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем, достық, бейбітшілік мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн.
Мерекелік іс-шараға балалар өнер мектебі, МӘМ қызметкерлері және қызмет алушылар қатысты. Мерекелік бағдарламада қазақ және орыс тілдерінде әндер шырқалды.
Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген.
Уа, халайық, кұтты болсын мерекен,
Құтты болсын, құтты болсын берекең.
Наурыз тойы тойланады ауылда,
Қош келіңдер мерекені көруге!
Қызмет алушылар көңілді әндерге өнер мектебінің балаларымен бірге қосылып би биледі.
Наурыз мерекесіндегі басты тағам, әрине, Наурыз көже. Әр үйдің дастарханы бұл күні наурыз көжемен бірге ұлттық тағамдарға толады.
Наурыз әлемдегі ең көне мерекелердің бірі болып саналады. Кейбір мәліметтер бойынша, Наурыз мейрамы шамамен 5000 жыл тойланып келеді.
Мерекелік іс-шараның соңында қызмет алушы Жансеитов Әскербай Алтынбекұлы жыл құтты болсын, бәрі тату және бейбіт өмір сүрсін деген ниетпен бата берді.
Наурыз-бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жаңарудың белгісі, тіршіліктің тынысы, өмірге-нұр, көңілге жыр, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлеген Ұлыстың ұлы күні! Наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын!!!