Бүгін 2019 жылдың 18 наурызында «Көп балалы аналарды қолдау, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қарт адамдарға, жалғыз басты аналарға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға көмек көрсету қайырымдылық акциясына» орай КММ қызметкерлері көп балалы жалғызбасты ана Бақытгүл Жүнісовамен қайырымдылық көмек көрсету мақсатында кездесу ұйымдастырды.
Бақытгүл бізге бір өзі төрт қызды тәрбиелеп, күтетінін айтты. Өздерінің тұрғын үйлері жоқ, жатақханадан бөлме жалдауға тура келеді. Барлық өмірлік қиындықтарға қарамастан, Бахытгуль мойымауға тырысады. Болашақа жарқын үмітпен қарайды.